Бұлақ орта мектебінде "Отбасы - бақыт мекені" атты апталыққа байланысты іс-шаралар атқарылды:
"Берік отбасы - қуатты мемлекет" тақырыбында кітап көрмесі кітапханашылар Г.Әдеубекова мен М.Малдыбаева ұйымдастырды. Сынып жетекшілер "Берік отбасы - адамның сенімді тірегі", "Отбасы - өмірдің мәні", "Әрбір отбасы мемлекетінің қорғауында" 1-8 сыныптарда тәрбие сағаттарын өткізсе, "Ата-ананы құрметтеу - әрбір адамның қасиетті борышы" отбасылық құндылықтар жайында дөңгелек үстел 9-11 сыныптарда. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектесу үшін қайырымдылық акциясына орай әлеуметтік педагог З.Қалиева ұйымдастырды. "Папам, мамам және мен" отбасылық эстафетаны Б. Мухамедиев және Ж.Бейсенов қызықты ұйымдастырса шығарма және сурет байқаулары өткізіліп жүлделі орын алған оқушылар марапатталды. "Менің отбасым - өмір үшін ыстық ұя" аудандық отбасылық байқауға Таттыбаевтар отбасы қатысып, "Папам, мамам және мен" спорттық отбасы байқауынан І орын иеленіп, облыстық , "Менің мамам үздік аспаз" номинациясына иеленді.