Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Кітапхана – ғажайып қазына

Кітапхана – ғажайып қазына

                 XXI ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры.Бар білімнің қайнар көзі кітапхана.

Н.Ә.Назарбаев

          Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ, біздің  рухани-мәдени тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі – кітапхана.

         Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ,сол мектепте орналасқан кітапхана да осы міндетті бірге атқарады.
        Мектеп кітапханасы көпшіліктің келетін орны, жас ұрпаққа тәлім тәрбие берумен қатар, рухани жан дүниесін байытып отыру бүгінгі күн талабы. Бүгінгі шәкірт - ертеңгі ел тұтқасы екенін ескерсек, мектеп оқушыларының сапалы білім, дұрыс тәрбие алуына мектеп кітапханасының берері мол.
          Біздің «Тауағаш орта мектебі» КММ-нің  кітапханасы заман талабына сай жабдықталған.
       Бүгінгі мектеп кітапханасы кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар қоғамдық-мәдени орталық. Кітапхана өзінің қазыналы кітап орнын аша отырып, әдеби байлықтар арқылы өнер туралы керемет кітап қоры арқылы оқырманды ойлы, әдепті, саналы етіп қалыптастырады. Мектеп кітапханасының кітап қорында 4136  дана кітап бар, оның ішінде 1065 оқулықтар қоры жинақталған, Ғылыми көпшілік әдебиет, ұстаздар үшін әдістемелік оқу  құралы, көркем әдебиет, электронды оқу құралдары бар. Кітапхананы мерзімді басылымдармен қамтамасыз ету жүйелі жүргізіледі. Биылдың өзінде кітапханаға әр түлі газетке, түрлі журнал басылымына жазылдық. Аталған басылымдарда жарық көрген маңызды мақалаларға картотека жасалды.
    Кітапхананың бүгіндері 135 оқырманы бар. Оқушылар саны - 85, ата-аналарды оқырман ретінде тіркеу- 28,оқырман ұстаздар - 22.Мұғалімдердің барлығы кітапханамен тығыз байланыста. Ұстаздарға арналған әдістемелік, ғылыми танымдық оқулықтар кітапханаға жиі түсіп тұрады. Олар бұл кітаптарды күнделікті сабақтарына үнемі қолданып отырады.
Оқушылардың , мұғалімдердің, ата-аналардың өздеріне қажетті әдебиеттерді оқуына жағдай жасалған. Айына бір рет жүргізілетін 1-4 сынып аралығында «Кітапқа жедел жәрдем», 5-8 сыныптар үшін «Кітап-біздің досымыз», 9-11 сыныптар аралығында «Кітап - алтын қазына» атты сыныптар арасында рейд жүргізіледі.
    Даталы күндерге байланысты жазушыларға арнап көрме ұйымдастырып,оларға библиографиялық шолулар жасап отырамын.Мектеп кітапханасы арнайы дәстүрлі көрмелермен жабдықталған. Жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған елге, туған өлке туралы патриоттық сезімін ояту мақсатында «Ұлы дала Елі», «Ауылымыздың ардақты азаматының туындылары» жазушы,журналист ауылымыздың тумасы Жақсыбай Самратқа арналған, «Есіл өңірінде туған ақын-жазушыларымыз» атты тұрақты кітап көрмелері  жасалынып тұр. Сонымен қатар  «Кемел ақын,кемеңгер ойшыл»Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...», «Табиғатты аялау-мейрімділік белгісі», «Ұстаздық –ұлы іс», «Тіл-татулық тірегі» т.б.көрмелер де жұмыс істеуде.Кітапхананың жұмыс жоспары бойынша көптеген іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, оқырман конференциясы т.б.өткізіледі. Наурыз айында «Көркем сөздің зергері»атты көрме  жерлесіміз Ғабит Мүсіреповтің 115 жылдығына арнлған, библиографиялық ұсыныс тізімің жасадым. Оқушылар көрмені көзімен көріп, әрбір кітапты ұстап, жазып қойған дәйек сөзге қарап ойларында, естеріне сақтайды. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы бойынша «Жыл кітабы – 2017 » таңдауы қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу таңдалды. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады. Осы акцияға орай «Найзағайдай жарқ етіп  өте шыққан ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
     Бүгінгі мақсат – дамушы емес, дамыған елдермен терезе теңестіру. Бұл тек төл тарихымыз бен әдебиетіміз арқылы ғана жемісті бола алады.Ендеше, оқудан қол үзбейтін оқырмандарды көбейтіп, оқу-тәрбие жұмысына ықпал етуге тырысып еңбек ете береміз.
       Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз, өйткені өткен заман өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де содан табамыз. Сондықтан, біз, мектеп кітапханашылары білімнің бастауы- кітап дей отырып, кітап мәртебесін көтерумен бірге мектептегі жаңалықтың жаршысы, елімізде болып жатқан әрбір оқиғалардың насихатшысы екендігімізді де көрсетуіміз керек.

Көрмеден көрініс




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь