Құстар айлығы
«Қанаттылар әлемі» айлығының ашылуы
Мұғалім: 1-сәуір десе , ойымызға Күлкі күні оралатыны анық. Сонымен бірге бұл күні әлем жұртшылығы Құстар күнін де атап өтеді. 1906 жылдың 1- сәуірінде құстардықорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын.Қазір аталған құжатты әлем елдерінің барлығы дерлікқолдады. Міне, достар,өлкемізге көптен күткен құстар да келіп жетті. Олар көлдер менөзендерді,шөл далалар мен қалың ормандарды, биік-биік тауларды басып ұшты.
Оқушы: Айтсақ-әніміз,
Ардақтасақ – сәніміз.
Көңілдің хошы,
Табиғаттың досы,
Сәлем сендерге , қанаттылар!
Оқушы: Құс анасын атпаймыз,
Қыста жемдеп баптаймыз
Бауырмал боп бәріңе,
Қорғау заңын сақтаймыз .
Оқушы: Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Аймақтың көз жіберші келбетіне.
Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнімен
Сайрайды гүлді көктем құрметіне.
І. Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! «Қанаттылар әлемінде» атты айлығының ашылуына қош келдіңіздер.Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын.Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын айтатын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.
Оқушы: Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек-қаз қонды.
Оқушы: Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз,қолдаймыз.
Ұя жасап ,ұқыптап,
Біз оларды қолдаймыз.
Сіздерге құстар туралы қысқаша мәлімет ретінде «Құстар класы» тақырыбында слайд тамашалайық.
«Қанатты достар» тақырыбында дайындалған слайд тамашалау.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер