Бұл шараның негізгі мақсаты: Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері бір-бірімен бауырластық, ынтымақтастық, әділдік, бейбітшілік, ауызбіршілік қарым-қатынаста өмір сүріп жатқанын ұғындыру. Ұлтаралық мәдениеттілікті бойларына сіңіру болатын. Бұл мақсат орындалды деуге болады.
Сынып сағатына 1,3 сынып оқушылары қатысты, оларға түсінікті, әрі жүйелі түрде құрылған, жас ерекшеліктері ескеріле жасалған слайд болды. Тақтада ынтымақ, бірлік туралы нақыл сөздер, суреттер болды. Бұл шараның ұйымдастырылуы жақсы деңгейде өтті. 1-сынып оқушылары өздері дайындап келген тақпақтарын айтты, барлық оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтып жақсы қатысып отырды. Шара соңында хормен «Ақ көгершін» әнін орындады. Белгіленген уақытты игере алдық.
Оқушылардың белсенділіктері өте жоғары, көңіл-күйлері жақсы болды.
Осы іс-шараның маған ұнаған тұстары: оқушылардың белсенділігі, кейбір оқушылардың ұтымды (салиқалы) ойы.
Ұнамаған тұстары : «Ақ көгершін» хорының дұрыс шықпауы.
Бастауыш сынып мұғалімі: Молдыбаева А.Ж.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау