12 мамыр 2017 жылы сағат 18.30 Тауағаш орта мектебінде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы акт залында өтті. Ата-аналар жиналысына 40 ата-ана, 20 мұғалім және 10 мектеп қызметкерлері қатысты. Ата-аналар жиналыс барысында мектеп директоры Сиванбаев М.С. ҰБТ-ның жаңа форматы жайлы, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұран А.Б. жаңартылған білім мазмұны жайлы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагандыкова Ж.С. қамқоршылық кеңесінің қызметі мен міндеті жайлы сөйледі. Видеороликтер көрсетілді. 2017-2018 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің мүшелерін сайлады. Ата-аналар мектеп директоры ұсынған тізімді бір ауыздан қолдады. Мектеп түлектеріне арналған тұжырымдамамен таныстырды ата-аналарды мектеп директоры. Жиналыс соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшалар ата-аналарға таратылды.