«Әлемдегі бар білімнің бастауысың, алғыс айтам саған бүгін, Бастауышым!»
2016-2017 оқу жылы мамыр айының 22-сі күні Тауағаш орта мектебінің 4-сынып оқушылары Бастауыш сыныппен қоштасу кешін өткізді. « Әлемдегі бар білімнің бастауысың, алғыс айтам саған бүгін, Бастауышым!» тақырыбында өткен кешке сыныптағы он оқушының ата-анасы қатысты. Сонымен қатар мектеп ұстаздары, осы сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты. Қатысушылардың пікірінше кеш мазмұнды, талаптарға сай, ұстаз бен оқушылардың шығармашылығы үйлесімді орын тауып, тартымды өтті. Қатысушылар 4-сынып жетекшісі Сиванбаева Шнар Ермековна мен 4-сынып оқушыларын құттықтап, алғыстарын айтты.