02.09.2017 жылы Тауағаш орта мектебінде «Шақырады мектепке, қоңырау үні» атты алғашқы қоңырауға арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік бағдарламаны тамашалауға ауыл тұрғындары, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Түменбаев Е.Т. және Спасовка селолық округының әкімі Никибаев С.Б. қатысты. Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Сиванбаев М.С. берілді. Бірінші сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, өлеңдер оқыды. 11-сынып оқушылары, мектебіміздің түлектері, мектеп табалдырығын жаңа басқан оқушыларға өз тілектерін білдіріп, сый тартты. Ауыл әкімдігінің атынан Никибаев С.Б. бүлдіршіндерді құттықтап, бірінші сынып оқушыларына сыйлықтар таратты. Алғашық қоңырауды 11-сынып және 1-сынып оқушысы соқты.