Осыдан 27 жыл бұрын Біріккен Ұлтар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялаған болатын.Содан бері елімізде бұл мереке жыл сайын дәстүрлі түрде аталып келеді.Үлкенді сыйлау,оларға құрмет көрсету-ата бабамыздан келе жатқан салтымыз.
Қарттар күні-зейнетке шықса да,өмірлік сенімдерінен айырылмаған адамдарға құрмет көрсету күні,жақындары мен туыстарының,сонымен қатар қарттарға көрсетіп жүргендердің мейірімділігі мен жан жылуының мерекесі.
30 қыркүйек күні ауыл қарттарына арналған шақыру билеті жазылып таратылды. Нәтижесінде «Явленское МТС» басшылығы 20 мың теңге ақша, ауыл кәсіпкерлері Жанибеков Бақтыбай мен Жанабекова Гульмира 20 мың теңге сыйлады. 1қазан күні Тауағаш орта мектебінің мәжіліс залында «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік бағдарлама өтті. Бірінші құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Сиванбаев Мұрат Серғалиұлына берілді.Барлық ардагерлерге бақыт,ұзақ өмір, жақындары мен туыстарының мейіріміне бөленіп жүре беруді тіледі. «Жас Ұлан» ұймының мүшелері мерекелік бағдарлама дайындап, қарттарға арнап әндер шырқады, би биледі және өлең жолдарын жатқа оқыды. Балалардың өнері көрермендерді ерекше қуантты.Қарттар күніне арналған салтанатты жиын мерекелік дастарқанда жалғасын тапты. Қарттар күнін атап өтуге келе алмаған қарияларға және мүгедектерге арнайы сыйлықтар дайындалып, таратылды.
Дайындаған : «Жас Ұлан» оқушылар
ұйымының жетекшісі Кощигулова Ж.М.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау