2017 ж 27 қыркүйек күні «Ақылды бала қайдан шығады?» тақырыбында ток-шоу өткіздік. Ток-шоуға 5 ана мен бала қатысты. Ток-шоу «Балдырған» шағын орталығында өтті. Баланың дамып жетілуі неге байланысты?Қалай ойлайсыз баланыздың қабілеті табиғатынан ба әлде тектен немесе генетикалық жағынан ба?Баланыздың дамып жетілуіне сіз ата-ана ретінде қандай жағдай жасап отырсыз? деген сұрақтар талқыланды. Ток-шоуымыздың кішкентай қонақтары өз өнерлерін ортаға салды. Ток-шоу Ұ.Жолдасовтің «Сәби бақыты» әнімен аяқталды.
Жауапты тәрбиешілер: Кониспаева А.Н.
Курсарина А.А.
Жукушева А.А.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау