12 – қазан күні өткен «Аяулы күз, Алтын күз» мерекесіне барлық бастауыш сыныптар және 5 сынып оқушылары қатысты. Бұл мерекені өткізудегі мақсат: оқушыларға жылдың ең әсем мезгілі – күз айының өзіндік ерекшелігі және осы кездегі адамдардың еңбегін тағы бір рет естеріне салу; сонымен қатар, өзара татулық, сыйластық, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңіру болатын. Мерекенің жақсы, жоғары деңгейде өтуіне барлық оқушылар атсалысты. Атап айтқанда 1,2-сынып оқушылары «Үйшік» ертегісін көрермен назарына ұсынса, 3-сыныптың өнерлі ұл-қыздары «Алтын күз» әнін нақышына келтіре орындап беріп көрермендердің жылы ықыласына бөленді. 4-сынып оқушылары «Жапырақтар» биін билеп келген қонақтар мен ата-аналардың, ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеріп тастады. Мерекеде сонымен қатар жекелеген оқушылардың орындауында күзге арналған тақпақтар айтылды. 5-сынып оқушыларынан құрылған «Әзілкештер» тобы өзінің әзілдерін көрерменге ұсынды.
Кеш соңы 1,5-сынып оқушылары әзірлеген флешмобпен аяқталды. Оқушылар да, ұстаздар да жақсы көтеріңкі көңіл-күйде тарқады.
Бастауыш сынып мұғалімі: Молдыбаева А.Ж.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау