Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Денсаулықты қолдайық

Салауатты өмір біздің болашағымыз 5 сынып Бақытың да, байлығың да – Денсаулық. Тақырыбы: Бақытың да, байлығың да – Денсаулық. Мақсаты: Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілік: Мақал – мәтелдер, слайдтар. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8 - ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытым да, байлығым да - Денсаулық» деп аталады. 1.слайд І – бөлім. «Тазалық – денсаулық кепілі.» Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз 2 - слайд. «Днеі саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау. Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар? Әрине, Денсаулық. 3 - слайд Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық дұрыс тамақтану. Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады. Денсаулық таза ауада көбірек жүру. Денсаулық тазалық сақтау. Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу. Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу. Көрніс. Қоян. Ой, тісім қақсап барады Жанымды қоярға жер жоқ Мұғалім. Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты Қоянға не болған? Қоян жылама, жылама. Қасқыр. Не болды жасырма, айтшы өзің Неліктен ісінген бас – көзің Қоян. Енді не істеймін Тісімнің ауырғаны қоймай тұр. Қасқыр. Онда дәрігер шақырайық Дәрігер дәрімен емдейді Ауырса адамды, аңды да емдейді Кәдімгі мейірімді дәрігер Шақырсақ қалай келмейді. Дәрігер. Кәне аузыңды аш көрейін Кәмпит жесең көбірек Тісің жүрер мазалап Не жесең де күніне Екі рет жу тазалап Қоянға ұқсап тістерің ауырмас үшін Тістеріңді күнде жуып күтіп жүріңдер. Мұғалім. - Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек? Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек. Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар. Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар? ( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.) Адам денсаулығына қас. ( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.) Слайд арқылы көрсету. 5 - слайд денені шынықтыру Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Тазалық денсаулық кепілі Шынықсаң - шымыр боласын Оқушы. Шығу үшін шымыр боп Шынығамыз шаршамай Бұлшық еттер шымыр боп Аламыз сосын тыныс жай Оқушы. Жалқаулықты тастаймыз Жаттығуды бастаймыз Қиынсынып қашпаймыз Шынығамыз жастай біз Оқушы. Спортпен айналыс Сұлулық сыйлаған Сол саған пайдалы іс Сауық пен кинодан Сергіту сәті. Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір Сағаттыңтіліндей Иіліп солға бір Сағатқа қарап ап Жаттығу оңай ақ Қақпаға туралап Теп допты оң аяқ Теп допты сол аяқ Жаттығу, сол аяқ Жаттыға оңай – ақ Ал балалар, бір ауық Әріп сырын ұғайық А дегенде отырып Б дегенде тұрайық А - Б, А – Б, А – Б. Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды 6слайд. «Ас адамның арқауы» Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян. (әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету) Сұрақтар. 1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек? (жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.) 2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек? (тамаққа отырар алдында қолды жуу керек) Оқушы. Тойып ішсен қаншама Ауырасын соншама Асқазанды бүлдірсең Жазылмас қанша күн жүресің. Сонымен бірге денсаулықтың бір дауасы таза ауа. Оқушы. Денсаулықтың дауасы Даланың ауасы. Көк өзен, күмбез тау. Ну орман ағашы. Жұмбақтар шешу. 1. Одан кір қорқады Судан бұл қорқады. (сабын) 2. Дәміде жоқ, түсіде жоқ Пайдаланбас кісі жоқ. (су) 3. Жуынып болғанда Жүреді қолында. (орамал) 4. Түйістіреді көзіңді көзіңе Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна) 5. Қалтамда жатыр Тістері бар батыр. (тарақ) Бәтеңкесін, полтосын Өзі кие білмейді Бұл баланы кім дейді? (жалқау) Көзінен жас кетпейді Балалардан шетпейді Бұл баланы кім дейді? (жылауық) Шықпай жатып көшеге Үсті басы кірлейді Бұл баланы кім дейді? (салақ) Мақал – мәтелдер (Оқушылар денсаулық туралы мақал – мәтелдер айтады) «Кел ойнайық» Сөзден сөз шығару «Денсаулық» Қорытынды 1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет? (Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстаукерек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.) 2. Адам не үшін жуынады? 3. Тазалықтың достары мен қастарын ата? Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек. Тақырыбы: Бақытың да, байлығың да – Денсаулық. 6 сыныптар Тәрбие сағатының тақырыбы: Салауатты өмір біздің болашағымыз Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділігі:Салауатты өмір салтын сақтау,оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Дамытушылығы: Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Тәрбиелігі:Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу. Түрі: ашық сынып сағаты Әдісі: ойын, жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, сұрақ-жауап, плакаттар. Көрнекілігі: Суреттер, дәрігер салауат Тәрбие сағатының барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: -Оқушылардың дайындығын қадағалау. -назарын сабаққа аудару. Мұғалім: Күндей жарқырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі тәрбие сабағымызды бастайық.(Оқушылар орнынан тұрады) Армысың, асыл күн! Армысың, асыл жыр! Армысың көк аспан! Армысың жан досым! Жылуыма жылу қос Міне, менің қолым. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан -2030 » стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал –ахаулы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен. Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізіліп отырған « Салауатты өмір біздің болашағымыз »атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Бүгінгі тәрбие сағатында екі топқа бөліну арқылы өз білімдерімізді ортаға саламыз. 1-топ: Алма 2-топ Алмұрт Бүгінгі сайысымыздың мақсаты-« Бірінші байлық-денсаулық » деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.Зиянды әрекеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу. Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Көптің жүзін білненше, Бірдің атын біл. 1. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді. 2. «Бірінші байлық –денсаулық» сұрақ жауап кезеңі. 1 –топқа 1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер? Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым. 3.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек? Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу. 4.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет? 5. Денсаулыққа не зиян?/ Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу / 6. Сезім мүшелеріне не жатады? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері. 2-топқа 1. Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз? 2.Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз. 3.Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіндер 4. Кандай ұлттық ойындарды білесіңдер? 5. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер? 6.Үстел басында өзіңді қалай ұстауың керек? 3. Дені саудың –жаны сау Жігерің бар, талабың бар қайратың, Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын. Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып, Өмірің бар әлі алда солмайтын-дей отырып, мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру. Дене қимылы-дәрісіз ем, Шыныға жүріп дертті жең. Таза болса- табиғат, Аман болар –адамзат. Жалқаулық-жаман ауру. Шынықсаң, шымыр боласың. 4. Ситуациялық жағдайлардан шығу. 1- жағдаят: Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол « Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді. -Сендер не деп айтқан болар едіңдер? 2-жағжаят: Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті. - Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер? 5. Білігіңе сенбе, біліміне сен! Жұмбақ шешу Оң жағымда бес сарбаз, Сол жағымда бес сарбаз. ( он саусақ) Асқар тауда қара орман (шаш) Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады? (күн) Жеп көріп ем мен, Жас шығарды көзімнен / пияз / Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сүті тәтті. / қарбыз/ Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. / алма / Тәтті жемістердің бірі, Қауақтың кішкентай түрі. Ай бұтаққа ілінді, Айтыңдаршы, кім біледі. / алмұрт / Дәмі де жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. / су/ Дидактикалық ойын: « Егер де..-не болар еді? » -Егер де күн болмаса не болар еді? -Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді. -Егер де су болмаса не болар еді? -Шөптер құрғайды, шөлдейміз. -Егер де ауа болмаса не болар еді? - Дем ала алмаймыз. -Ендеше бізге балалар күн, ауа, су өте қажет екен. --Балалар , дүнеиде ең басты нәрсе, ең басты байлық не екен? -Денсаулық Аслан: Шыныққан шымыр денеміз, Күн сайын өсіп келеміз. Денсаулық- 5 сабақ -5 Деп рапорт береміз! Медет: Суық қардан онша қорқа қоймасаң, Шынығасың таза ауада ойнасаң. Осы кезде спортпен шұғылданып, Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың. Харашаш: Дені сау адам ақжарқын, көңілді және іскер болады. Оның жұмысы алға, өнері биікке көтеріліп, отбасында тыныштық орнайды. Жамила: Денсаулық-адамға табиғаттың берген құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілмен сақтап, нығайтуға болады. Аяулым: Спорт біздің досымыз, Күш қайрат сыналған. Спорт біздің досымыз, Бала кезден шыңдалған Мерей: Денсаулық ол күлуің, Көңіл күйің жадырай. Денсаулық-ол жүруің, Ешбір жерің ауырмай. Жібек: Басты байлық-денсаулық- Бабаң айтқан даналық. Сақта жолын сен тауып, Осы шақтан балалық. Акниет: Денсаулық –ол шыныққан Барлық денең мүшесі Денсаулық –ол тыныққан Жүйке-тамыр жүйесі. Абылайхан: Салауатты өмір салтын қолдайық, Әдеттен жаман әманда аулақ болайық, Өз өмірің өз қолыңда, ей , балалар, Су ішпеген гүлдей болып қалмайық, Әділет: Біз өмірді таңдаймйз, Біз өмірді қолдаймыз. Әрқашан бар ынтамен, Салауатты қолдаймыз. Аян: Денсаулық табиғаттың адамға берген ең үлкен байлығы. Мейрамбек: Денсаулықты сақтайық. Шынығайық баптайық Тәрбие сағатын қорыту: Салауатты өмір салты біздің болашағымыз тақырыбында газет шығару. Сабақ сонында екі топты мадақтау. Денсаулығымыз мықты болу үшін аурудан алдын-ала сақтану керектігін, спорт шұғылдану, сонымен қатар қоршаған ортамен біздің денсаулығымызға берері көп екенін білдік

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь