Тауағаш орта мектебінде 22 қараша 2017 жылы «Балаға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференция төңірегінде «Сенім сабағы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақ үстінде оқушыларға слайд көрсетілді, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл» жайлы айтылды. Осы уәкілдің жетекшісі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Балиева Загипа Яхяновна сайланғаны, уәкілдің атқару жұмысы, уәкілде атқаратын қызметтер жайлы слайд арқылы көрсетіп, оқушылармен тренингтер өткізілді. 111 сенім телефонында көрсететін қызметтер жайлы да, осы қызметтердің құпиялығы жайлы да сөз болды. Оқушылар өзара пікір алмасып, сұрақ-жауап арқылы ойларын ортаға салды. Топтастыру әдісі арқылы, «сенім» сөзін түсіндірді. Оқушылар «Сенім сабағында» біраз мәлімет алып кетті. Сабақ жақсы деңгейде өтті.
Дайындаған: мектеп директорының
ТІЖО Сагандыкова Ж.С.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау