Біздің мектебімізде «Денсаулыққа деген құқық» атты 10-шы қарашадан 10-желтоқсанға дейін СПИД айлығы өтті. Соған байланысты жоспар құрылып, іс-шаралар өткізілді. Жоспар бойынша қабырға материалдарымен таныстыру, сурет салу сайысы, ата-аналар жиналысы, шығарма жазу сайысы, спорт сайысы, дөнгелек үстел, қорытынды тестілеу және қорытынды кеш өткізілді.Айлықтың мақсаты: оқушыларға СПИД ауруы туралы толық мәлімет беру; салауатты өмір салтын сақтауға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрету; СПИД ауруының алдын алу шаралары туралы ұғым қалыптастыру; аурудың қауіптілігін ұғындыру; нашақорлыққа, ішімдікке қарсы көзқарас қалыптастыру; оқушыларды мейірімділікке, ауру адамға жанашырлықпен қарауға үйрету.СПИД туралы мәліметпен оқушыларды таныстыру мақсатында стенд дайындалды. «Адамның төрт жауы – ЖИТС (СПИД), есірткі, ішімдік және темекі» тақырыбында 5-8 – сыныптар арасында сурет салу сайысы өтті. Ең әдемі сурет 7-сынып оқушылары салды. Дәл осы тақырыпта, бірақ 10-11 – сыныптар арасында орыс тілінде шығарма жазу сайысы өтті. Ең үздік шығарманы 11-сыныптың оқушысы Тулебаева Зарина жазды.Қарашаның 15-сі «Бүкіл әлемге тараған індет» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Сонымен қатар дөнгелек үстел, қорытынды тестілеу және де оқушыларға денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірігіп кеңес беру сабақтары өтті.Желтоқсанның 8-і айлықтың соңында «Жаңа АИТВ – инфекциясы нөл» тақырыбында қорытынды кеш өткізілді. Қорытынды кеш жоспар бойынша өтті. Әр сынып әр түрлі нөмір дайындады. 6,7,8-сыныптар әдеби өнерін көрсетті. 10,11 – сыныптар қысқаша қойылымдар қойды. Ал5-сынып флешмоб көрсетіп бізді қуантты.
Өткізген айлықтың нәтижесінде, біздің көзқарасымызша, ақпараттық, ағарту бағытындағы жұмыстарды тек балалар арасында ғана емес, ересектер арасында да жүргізген өте қажет. Оқушылар СПИД туралы көбірек ақпарат біліп, одан қалай сақтану керек екенін түсінді және де зиянды әдеттерден аулақ болады деп ойлаймыз.
Дайындаған: әлеуметтік педагог Садуп С.Б.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау