11.01.2018 жылы Тауағаш орта мектебінде мектеп директорының бастауымен ұстаздар қауымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Жолдаудағы еліміздің алдына қойылған 10 міндетті қарастырды. Мектеп ұстаздары өз ойларын ортаға салды. Тәжірибелі ұстаз, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Копеева А.Е. Жолдау бойынша өз пікірін білдірді. Елбасы саясатымен келісіп, оны қолдайтыны жайлы атакетті. Әсіресе «Адам капитал – жаңғыру негізі» жетінші міндетке көбірек тоқталды. Сонымен қатар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагандыкова Ж.С. өз ойын ортаға салып, Жолдаудағы он міндетке де қысқаша тоқталып кетті. Алдымызға қойған осы міндеттерді жүзеге асыруға барша қазақстандық жұмылып ат салысса, біз алдымызға қойған мақсатқа міндетті түрде жетер едік. Дамыған отыз елдің қатарына кіретініміз анық. Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» деген сөзімен толықтай келісеміз.
Дайындаған: мектеп директорының ТІЖО Сагандыкова Ж.С.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау