Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

"Грамматика әлемі" қазақ тілінен апталығы

«Тауағаш орта мектебі» КММ
2017-2018 оқу жылы 

   Қаңтардың  29.02.-02.02.  аралығында  бастауыш  сынып  оқушыларына  "Грамматика әлемі" атты  қазақ  тілінен  апталық  өтті. Мақсатым: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу. "Грамматика әлемі" атты  апталықтың  қорытынды кеші   " Қазақ тілі әлеміне қош келдіңіздер!" интеллектуалды  сайыс өткіздім. Сайысқа әр сынып  оқушылары  топқа бөлінді. Сайыс  бес кезеңнен тұрады. 1-кезеңде  топтардың аттарымен, ұранымен, таңбасымен таныстыру болды. 2- кезеңде оқушылар  үй тапсырмасына берілген  жұмбақты  презентация  дайындап жасырды,  жауабын тапты. 3-кезеңде " Ойнайық та, ойлайық!" атты  сайыс өткіздім. 4-кезеңде "Жекпе- жек " әр топқа  сұрақтар қойылып,  2-3 минутта жауап беру тиіс болды. Жауаптары  балмен  есептелініп отырды. 5-кезеңде  " Мақалды сәйкестендір" атты  тапсырма берілді. Оқушылардың тыңдау және  есте  сақтау  қабілеттері  арқылы  сайыс  тапсырмаларына  нақты жауапты ойлылықпен  айта  білетіндіктері  байқалды. Жан-жақты  білім танымдылықтары  арқылы  ізденіс, талпыныс  мүмкіндіктері  көрінді. Сөйлеу дағдылысы, тіл  мәдениетінде нақты  жауап  беру  ұшқырлығы  сыналды. Бірін- бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды.

Жеңімпаз  топ  анықталып  мектеп  әкімшілігінен  мақтау  қағазы  тапсырылды.  Жеке  оқушыларға  да белсенділік  танытқандары  үшін  аты аталып, мақтау қағаз тапсырылды.

  

 

                                                                                                    Бастауыш сынып мұғалімі:  Ибраева А.Д.

 










 

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь