Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

«Арналы бұлақ – асыл сөз» әдебиеттік оқу апталығы

 

            2017-2018 оқу жылының 12-16 ақпан аралығында бастауыш сынып оқушылары үшін «Арналы бұлақ – асыл сөз» тақырыбында, әдебиеттік оқу апталығы ұйымдастырылды. Мақсаты: ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту,адамдық, адалдық, көркемдік, ізгілік қасиеттерді бойына жинауға ықпал ету; мақал-мәтел, жұмбақтар мен ребустар шешу арқылы баланың ой-өрісін, тіл байлығын, таным деңгейін арттыру. Апта бойы оқушылар жоспарға сәйкес түрлі шараларға қатысып белсенділік танытты. Жоспардағы жұмыстар толық орындалды. Қабырға материалдарында берілген қосымша тапсырмаларды әр оқушы жекелей орындады. Бұл өзіндік жұмыс ретінде ұйымдастырылды. 13-ақпан күні 1-2 сыныптарға арналған «Байлықтар аралы» атты логикалық тапсырмалар ұсынылды. 15-ақпан күні «Ырымдар мен тыйымдар, ишара» тақырыбында   3-4 сыныптар үшін топтық жарыс өтті. Қазақ халқының бала тәрбиесіне мән беріп, оның ырым-тыйымдарын, салт-дәстүрін ерекше сақтағаны жайлы мағлұматтар берілді. «Қимылмен көрсет», «Сезімтал аяқтар» ойындары ойналып, әдептілікке байланысты сауалнама алынды. Бастауыш сыныптар арасында оқу жылдамдығы тексеріліп «Жылдам оқу шебері» номинациясы бойынша 2-сынып оқушысы Балгожина Акнур марапатталды.16-ақпан  «Сөз мәйегі» атты апталықтың қорытынды кеші өтті. Мақсаты: оқушылардың әдебиет пәні бойынша алған білімдерін тереңдету, тез жүйелеуге дағдыландыру. Ойлау қабілетін, тапқырлығын, таным белсенділігін арттырып, өз ойын ашық, еркін жеткізуге жағдай жасау. Кеш барысы жеті кезеңнен тұрды. Слайдтар арқылы ойын шарты түсіндіріліп, кезеңдері таныстырылды. Әділқазылар мүшелері тағайындалды. Оқушылар сынып бойынша үш топқа бөлініп, әр топ шығармашылықпен өз топтарын таныстырды. Әр кезеңдегі тапсырмаларды оқушылар ұйымшылдықпен, ұжым болып шеше білді. Әділқазылар алқасы сайысты бағалау критерийлеріне сүйене отырып топтарға әділ бағаларын беру арқылы ойын жеңімпазын анықтады. Нәтижесінде 3-сынып «Жұлдыздар» тобы І орын иеленді. Сынып жетекшісі: Аргимбаева А.Е., 4-сынып «Қырандар» тобы ІІ орын. Сынып жетекшісі: Ибраева А.Д. және ІІІ орынды 2-сынып «Бәйтерек» тобы иеленді. Сынып жетекшісі: Молдыбаева А.Ж. Кеш соңында апталыққа белсене қатысқан оқушылар мен жеңімпаз топтар мадақтама қағаздарымен марапатталды. Сынып жетекшілеріне алғас жарияланды. Қорыта келгенде апталық өз мақсатына жетті.

                                                                                                                                                                                                  Жауапты мұғалім: Аргимбаева А.Е.











Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь