2018 жылдың 12.02-16.02. күні аралығында «Ана – тілім айбыным» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Апталықтың бірінші күні «Латын қарпінің артықшылықтары» атты таным сабақ өтілді. Таным сабақ барысында латын қарпіне көшудің артықшылықтары айтылды. Сондай-ақ оқушылар апталық жоспарымен танысты. 13.02.2018 жыл. Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай 8-11-сынып оқушылары арасында «Мағжан – лирик ақын» атты слайд сабақ өткізілді. Слайд сабақ кезінде Мағжан ақынның өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталынып, ақынның қазақ халқы үшін еткен еңбектері, ұлтжандылығы дәріптелді. 14.02. 2018 жыл. 9-11-сынып оқушылары арасында «Мақал – сөздің мәйегі» тақырыбында танымдық сайыс өтті. Оқушылар өздерінінің тапқырлықтары мен зеректіктерін танытты. 1-орын – 11-сынып, 2-орын – 9-сынып, 3-орын – 10-сынып еншісінде тиді. 15.02.2018 жыл. 5-7-сынып оқушылары арасында «Ана – тілің – арың бұл» атты танымдық ойын өтті. Оқушылар танымдық ойынға аса қызығушылықпен қатысты. Нәтижесінде 5-сынып оқушылар жеңімпаз атанды. 16.02.2018 жыл. 16.02.2018 жыл. Апталықтың соңғы күні «Жаным жырдан жаралған» деген тақырыпта 8-11-сынып оқушылары арасында сайыс түрінде өтті. Сайыс екі кезеңнен тұрып, оқушылар екі кезеңде де белсенділік танытты. Сайыс соңында І орын – 8-сынып оқушыларына, ІІ орын 11-сынып оқушыларына, ІІІ орын – 10-сынып оқушыларына бұйырды. Сайыс соңында пән мұғалімдері оқушыларды марапаттап, апталықты өздерінің насихат сөздерімен аяқтады. Жалпы алғанда, қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы өз деңгейінде өтті.
Пән мұғалімі: Кубетаева А.М.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау