Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Дүниетану апталығы

2017-2018 оқу жылы
16-20 сәуір аралығында бастауыш сыныптар арасында өткен Дүниетану апталығы бойынша жүргізілген жұмыстарға
 

2017-2018 оқу жылында Дүниетану пәні апталығы 16 - 20 қаңтар аралығында бастауыш сынып мұғалімі Молдыбаева  А.Ж-ның  ұйымдастыруымен жүргізілді.

Апталық жоспары уақтылы дайындалып, әдістемелік бірлестікте бекітілді. Жоспар кең көлемді, талапқа сай құрылған. Апталық «Құстар келді өлкеме» тақырыбында өткізілді.

 Апталықтың бірінші күні дәлізде апталық бұрышы ұйымдастырылды. Бұрышты безендірген ақпараттар мынадай мазмұнда:

1.     Апталықты өткізу жоспары;

2.     «Сен білесің бе?» айдары

3.     «Сөзжұмбақ құрастырып көр» 3-4 сынып оқушыларына арналған тапсырмалар;

4.     1,2 сынып оқушыларына арналған тапсырмалар жинағы.

5.     Әртүрлі сөзжұмбақ, басқатырғыштар.

Бұрыштың безендірілуі, қабырға газеттерінің мазмұны эстетикалық талапқа сай, апталық тақырыбымен ұштасатын, мазмұнды болды.

Апталықты өткізу жоспарындағы іс-шаралардың барлығы толықтай қамтылды.

Дүйсенбі күні линейкада апталықтың ашылуы болды,  оқушылар жоспармен танысты. Тапсырмалар берілді.

Сейсенбі күні 1 – 2 сынып оқушыларымен «Құстарға қамқоршы болайық!» тақырыбында ойын өткізілді.

Сәрсенбі күні 3-4 сыныптар «Жануарлар әлемінде» атты викториналық сұрақтарға жауап іздеді.

Бейсенбі күні 2,3,4 – сынып оқушылары дүниетану пәнінен олимпиада жұмысын жазды.

Жұма күні «Табиғат білгірлері» атты қорытынды кеш болды.

 Апталық жұмысына 1-4 сынып оқушылары тартылды. Оқушылардың қатысу белсенділігі жақсы болды. Бір апта бойы оқушылар суреттер салып, олар мектеп дәлізіне ілініп қойылды.

 Жүргізілген жұмыстар бойынша белсене қатысқан, жеңімпаз болған 10 оқушы марапатталды: Ақжігіт Ж., Молдыбаева Ж., Балгожина А., Қапез Ж., Нұран Е., Жаныбеков М., Жанабаева А., Ерсайын А., Молдыбаев Ж., Жаныбеков А. және әр сыныпқа белсенділіктері үшін Алғыс хат табысталды.

2017-2018 оқу жылындағы Дүниетану пәні апталығы жұмысын жан-жақты талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады:

·                   Апталықта жоспарға сай жұмыс жүргізілді.

·                   Апталық жұмысына жақсы деген баға берілді.  

                                             Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі: Молдыбаева А.Ж.

 

 














Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь