2018 жылдың 15-мамырында сағат 18.30 Тауағаш орта мектебінде тақырыпқа сай жалпыұлттық ата-аналар жиналысы информатика кабинетінде өтті. Ата-аналар жиналысына 64 ата-ана, мұғалімдер және мектеп қызметкерлері қатысты. Ата-аналар жиналыс барысында мектеп директоры Сиванбаев М.С. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жетістіктері мен оқу процесін цифрландыру жайлы, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тулебаева С.А. 11- сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары жайлы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аргимбаева А.Е. мектеп оқушыларын тәрбиелеу негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру және Отбасы мен мектептің өзара іс –қимылын күшейту және мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қызметі мен міндеті жайлы сөйледі. Видеороликтер мен презентациялар көрсетілді. Мектеп түлектеріне арналған тұжырымдамамен мектеп директоры ата-аналарды таныстырды. Жиналыс соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшалар ата-аналарға таратылды.
Дайындаған: мектеп директорының ТІЖО Аргимбаева А.Е




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау