«Тауағаш орта мектебі» КММ-де 11 мамыр күні салтанатты түрде «Жас Ұлан» ұйымының балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі өткізілді. Оқушылар сапқа тұрып, ұрандарын айтып, әнұранын орындады.
Мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» қатарына биыл біздің мектеп бойынша 7 оқушы, «Жас Қыран» қатарына 10 оқушы қабылданды.
«Жас Ұлан» галстуктерін және төсбелгілерін тағу құрметі «Тауағаш орта мектебі» КММ-ің тәрбие ісінің меңгерушісі - Аргимбаева А.И , ұстаздардан Молдыбаева А.Ж, Ибраева А.Д. берілді.
«Жас Қыран» төсбелгілерін тағу құрметі «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері: Оспан Сымбат,Эбишева Лаура,Кайролаева Дамира,Серғали Зухраға берілді.
«Жас Ұлан»ұйымының мүшесі Еркен Ақан ант қабылдады.
Мектеп әкімшілігі құттықтап, ұйымға еркін елдің ертеңі, ерік-жігері мол,бәрін де білуге, бәрін де үйренуге құштар оқушы балалар қатары толыға берсін деген тілек білдірді.
«Жас Ұлан» балалар ұйымының жетекшісі: Кощигулова Ж.М.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау