Соңғы жылдары жас-өспірімдер, оқушылар арасында электр тоғы қауіпсіздігін сақтамау салдарынан қайғылы оқиғалар жиі орын алуда. Бұл балалар жоғары қуатты электр тоғы өмірге қауіпті екенін мойындамайтындықтарын дәлелдейді. Сол себепті оқу жылының аяқталып, жазғы демалыс күндерінің жақындауына байланысты қайғылы оқиғаны алдын алу мақсатында 22. 05. 2018 жылы «Тауағаш орта мектебі » КММ-де тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Электр тоғы қауіпсіздігін сақтау туралы жадынамалар таратылды. Оқушылар қауіпсіздік журналына қол қойды.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау