Халықаралық "Компьютерлік ғылымдар апталығы" аясында 2022 жылғы 5-11 желтоқсан аралығында "Ильинка орта мектебі" КММ-де информатика мұғалімдері О. А. Тушина, А. К. Таутаева, А. А. Нургазиннің жетекшілігімен орыс және мемлекеттік тілде оқытатын 3-11 сынып оқушылары арасында "Қазақстандағы Код сағаты" акциясы өткізілді. Оқушылар осы іс-шараға белсенді қатысты. Олар сүйікті ойынға қатысу арқылы кодты жазуға машықтанды. Осы бағдарлама туралы, кезеңдік тапсырмалар туралы өз әсерлерімен бөлісті. Бұл өте қызықты болды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау