«Ас атасы – нан» тәрбие сағаты
Мақсаты: Дән тұқымымен танысу,бидайдан нан жасалынатынын айта отырып,дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен,қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру.Өлең,мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту,жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға,еңбекқорлыққа тәрбиелеу,нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Білімділігі: Дәндерді қолдарымен ұстатып,топыраққа егу арқылы еңбекті өздеріне орындатып қолмашықтарын жетілдіру.Еңбектерің жемісін көрсету. Асты қадірлеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сергіту,ойын,әңгімелеу,сұрақ-жауап,
Оқу іс -әрекетінің кезендері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Кәне балалар алдымен әдеп сақтап төрде отырған үлкендермен амандасып алайық. Психожаттығу: «Күлімдейік». -Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде.Егер біз үнемі достарымызға, ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді,ақылды болып өсеміз. Жан- жағымызға күлкі сыйлайық. хор: «Қазақы дастарханым» | балалар амандасады. «Қазақы дастарханым»
|
| - Қазақ халқымызда «Ас атасы -нан» деген сөз бар, яғни дәмнің үлкені – нан.Нан қасиетті екен. Оның құрамында адамның бойына нәр беретін, қуат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Үйге кез келген адамға асығыс болса да , өзге тағамнан емес, наннан ауыз шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ, бірлік, бір – біріне деген жақсы қарым –қатынас, ауызбіршілік дастарханның үстіне қойған нан арқылы нығая түседі, яғни өзіне нан ауыз тигізген үйге қазақ жамандық тілемеген. Қазақтың бір күн дәм тартқан жерге «қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан. Нан дастарқанға оңай келмейді,нанды дайындау үшін көп адам еңбек етеді.Сондықтан нанды қадірлеу керек,нанды аяғына дейін жейді,жерге тастамайды.Бір де бір тамақ нансыз қойылмайды. Сонымен қатар дастарқанға қазақтың бауырсағы,шелпектері,басқа да қолдан пісірілген нан түрлері қойылады.Нан тек дәмді ғана емес,сонымен қатар ол пайдалы.Сондықтан тамақты нанмен жеу керек. - Біздің елімізде көптеген облыстарда бидай егіліп жиналуда. Атап айтқанда Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Орал облыстарында бидай егіліп, өндіріледі. Біздің еліміз өте бай. Осы байлығымызды Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі Елтаңбада көрсеткен. мен балалар бір ғажайып әңгіме айтып берейін: Ғажайып ағаш туралы өтірік әңгіме оқып береді.Баяғы өткен заманда бір патшалықтағы балабақшаның тобының балалары жерге бидайдың дәнін отырғызыпты.Ол дәнді олар терезенің алдынан тауып алыпты. Біраз уақыт өте келе ғажайып ағашта алма емес. Алмұртта емес, апелсинге де ұқсаматын.Нан, тоқаш,бауырсақ,печенье өсіпті.балалар болса, түскі асқа да,кешкі асқа да осы ағаштан жұлып жей беріпті.
Проблемалық сұрақ Ал нан қалай дастарханға келеді? . Суреттерді слайд арқылы көрсету) 1.Балалар көктемде бұл тракторлар жерді жыртып,оны тырмалап,жерге мынадай бидай дәнін себеді.(Балаларға бидайды көрсету) Оны күтіп, баптайды. Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында жүреді. 2. Күз болғанда орамыз,Нанға біздер тоямыз Күзде егінді орып жүрген комбайн,ол бидайды орып,тазартып,Күн демей ,түн демей егін алқабында егін жинаумен болады.жиналған егінді машинаға қуйып ,диірменге апарады. · Үшінші суреттен нені көріп отырмыз.Диірменде бидайдан ұн тартып шығарады.(Ұнды көрсету) Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Төртінші суреттен нені байқап отырсыңдар Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада ұнның әр сортынан нан түрлері пісіріледі. Наубайханада ұннан қамыр илеп, қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды. · ? Ұннан наубайханада әр түрлі нандар пісіріп шығарады,оны дүкендерге балабақшаларға жібереді. (Дүкен сөресіндегі нандарды сурет арқылы көрсету) Балалар біздің дастарханымызға нан оңай келмейді екен,міне жоғарыда айтқандай үлкен еңбекпен келеді екен.(Жоғарыдағы суреттерді жекелеп Сергіту сәті: Бидай жерге отырды, Жасыл түске айналды. Бидай желмен қимылдап, Жауын болып жауылды Ал нан қалай дастарханға келеді? Оны білу үшін балалар бүгін біз әр оталықта жұмыс істейміз. Кеудеудегі белгі бойынша орнымызды табамыз. Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса іске сәт, балалар Егіншілер орталығы: Бірнеше дақылдарды үстелге қойады Топ балаларына шағын ыдыстағы топырақты аударып,тырмалап бидай дәнін егу тапсырылады. · Көктемде жерді жыртамыз,Тегістейміз тырмалап.Дәндерді оған егеміз,Жайқалып көктеп шықсын деп. Бидай: Нан анасы бидаймын, Суретпен жұмыс Нанның дастарханға қалай пайда болуы туралы әңгімелейді. -Астық жинау. Дәнді егістіктен жинау. Элеватор және қоймалар. Сөздік жұмысы : Наубайхана-нан пісіретін,нан жабатын орын. Наубайшы-наубайханада нан пісіретін адам. Диірмен-дәнді дақылдарды тартып,ұн шығаратын кәсіпорын.Комбайн-әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған Балаларға стол үстінде жатқан суреттер арқылы құрастырту,ол суретте нанның қалай келетіні көрсетілген.Ол үшін суреттердің орын-орнын тауып қоюы керек.Сұрақтар қою арқылы балаларды ауызша бағалау. Шығармашылық орталық. Өз бетінше жұмыс. Балалар дайын түзді қамырдан әртүрлі нан жасайды - Жұма күні аналарымыз, әжелеріміз шелпек, бауырсақ пісіреді. (үй жұмысы) Еліміздің құдіретін асырып тұрған Нанда өмірдің иісі мен дәні бар, Нанды кім қорлайды, Нан барда еркін жүреміз. |
Көктемде жер жыртып жатқан трактор. Егін орып жүрген комбайн тракторы. Ұн шығаратын диірмен. Нан пісіретін наубайхана.
Ұлдар жерді босатып,тырмалап,бидай дәнін егеді.
Балалар суреттерді орнына қою арқылы тапсырманы орындайды
нан туралы мақал-мәтел жалғасын табу. 6. Еңбектің наны тәтті. Жалқаудың ..(жаны тәтті.) 7.Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс..( тас екен) 6.Нанды жерге тастама! Нанды шашпа. .Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды Жерде жатқан нанды еңкейіп ал
|
| Асболған жерде бата беріледі. Сөзжұмбақ шешу. 1.Нан қайда сатылады? 2.Ұнды неден жасайды? 3.Егін егетін адамды қалай атаймыз? 4.Қазақ халқының ұлттық нанның бір түрі? 5.Егінді қандай көлік түрімен жинайды? 6.Ас атасы не? 7.Нан пісіретін адамды қалай атаймыз? 8.Күзде егіншілер не жинайды? 9.Нанды қайда пісіреді? 10.Нанның дастарқанға оңай келмейтін себебі неде? 11.Қандай нан түрлерін білесіңдер? Нан қоқымын шашпаңдар, «Ас атасы -Нан » атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Нан –байлық,нан-береке”деп халқымыз бекер айтпаған.Қаншама адам еңбек етеді.Дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек. Дастарханнан нан кетпесін! | Бата берейін асыңа, Амандық берсін басыңа. Бөденедей жорғалап, Қыдыр келсін қасыңа дүкенде, бидайдан,егінші,бауырсақ, комбайынбен,нан, наубайханашы,егін, Ой толғаныс. Біз не білдік? |
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау