Бала тәрбиесі мен дамуына отбасының ықпалы баға жетпес.«Отбасы-Мектеп» жобасы аясында 20 қаңтар күні 2"А" сынып оқушыларының бірі Казрагис Альбина Маратқызының анасымен кездесу өтті.Спортқа жаны құмар, жеңіл атлетикадан облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері әрі жеңімпазы Альбина Маратқызы балаларға өзінің спорт жолы туралы, спортпен жүйелі түрде шұғылданудың маңыздылығы туралы айтып берді.Балалар сұрақтар қойды, марапаттарды қарастырды. Кездесу соңында олар Альбина Маратқызына жаңа жеңістер тіледі.