2023 жылғы 03 ақпанда Заградовка орта мектебінің 8 сынып оқушыларына «Мектептегі зорлық – зомбылықтың алдын алу» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: сыныпта және мектепте зорлық – зомбылықтың алдын алу, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. Бұзақылықтың алдын-алу өте маңызды, өйткені қорқыту оқушылардың мектептегі физикалық және эмоционалдық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және олардың оқуға қабілетіне кері әсер етеді. Бұзақылықты шешудің ең жақсы тәсілі – оны басталмай тұрып тоқтату, сондықтан алдын – ала әрекет еткен жөн. Сынып сағатын өткізген 8 сыныптың сынып жетекшісі Жамалиева Айгуль Серикбаевна.