Интернационалист жауынгерлерді еске алу күніне арналған іс-шара
15 ақпанда «Ильинка орта мектебі» КММ-де АӘТД оқытушы -ұйымдастырушы мен аға тәлімгері Интернационалист-жауынгерлерді еске алу күніне арналған іс-шара өткізді.
2023 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толды. Дәл осы күні Ұлы Отан соғысынан екі есе ұзақ уақытқа созылған соғыс аяқталды.
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні – ерлік пен қасіретті Ауған соғысына қатысқандардың барлығын еске алу. Жат жерде болған осынау тоғыз жыл кескілескен шайқас халқымызға талай қайғы- қасірет әкелді. Бірақ сонау Ауғанстанның өзінде кеңес жауынгерлері ең жақсы адами қасиеттерді: батылдықты, табандылықты және тектілікті көрсетті.
Мақсаты: әскерге қатысты оқиғаларға құрметпен қарау арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу; ауған жауынгерлері мен жергілікті соғыстарға қатысушылардың жұмыстарымен таныстыру; толеранттылық пен адамгершілікті қалыптастыру.