Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

«Ұстазыма мың алғыс! » алғыс айту күні

Алғыс айту күніне орай, тоғызыншы сынып жетекшісі Иманбекова Ж.Б. «Ұстазыма мың алғыс!» құттықтау тақтасына оқушылары қолдан раушан гүлін жасап, сыйлады. «Алғысым шексіз» шығармашылық жұмыстар қолөнермен сынып қыздары аналарға тағамдар жасап, шай әзірлеп, баталарын алды.

Сыныбы : 9  Тақырыбы: «Ұстазыма мың алғыс! » алғыс айту күніне мейрамына арналған тәрбие сағаты

Сахна төрінде сыныптпа отырған сынып старостасы (кітап оқып отырады ). Келесі бала кабинетке ентелей кіріп келеді.

Ершат : Танат , қалайсың? Не отырыс? Танат: Қалай , не болды , аманшылық па ? Ершат: бүгін қандай күн екенін білесің бе? Танат: Сәрсенбі, әдеттегідей оқу күні. Ершат: сосын...... Танат: ....... (ойланып қалады) Ершат: Мереке емес пе!!! Мереке! Мерекеее!!!! ( қуанышты кейіппен) Танат: Қандай? Ершат: Ұстаздар күні! 11жыл оқытып, білім мен тәрбие берген ұстаздар күні емес пе? Сені осы күнге жеткізген, жандарды қалай ұмытарсыз. Танат: Мәссаған!! Қалай ұмытып кеткенмін. Есіме салғаның қандай жақсы болды. Жүр ,ендеше, аяулы ұстаздарымызды құттықтайық. Ершат: Әрине, жүр. Тоқта, тоқта! Басқа балалар қайда , хабарласайық та. Жиналып бірге барайық. ( сол жерде ұялы телефонмен хабарласады) (достары міне ,міне, келдік ,жеттік, сырттан кіреді) Ақмейір: --- ОООО, апайларымыз, ұстаздарымыз да , келіп қалған екен ғой!! (бәрі хормен МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ҰСТАЗДАР!!!)

Бахтияр:

Жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Арайлым:

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Аяулым:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, мектебімізде өздеріңіз сияқты ұстаздарымыздың бар болғанын мақтаныш етеміз.

 

 

 

 

 

Арайлым:

Мұғалім, ғазиз, мұғалім Төгілген арай, шуағым Арманым, қонса қолыма, Арқаң деп сенің ұғамын. Мұғалім, ғазиз, мұғалім Сарқылмас мәңгі бұлағым Ұланың бүгін тойыңда Арнайды саған бұл әнін!

Ән: «Ұстазым » _____________________________________

 

Танат:

Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген екен. Мұғалім-ұстазсың балалардың , Болашақ ғалымдарың ,даналардың. Өмірде сенің алар орыныңды, Бәрі де жеткізе алмас бағалардың.

( «Мұғалім мектеп жүрегі» атты слайдты тамашалаңыздар.)

 

Ершат:

Атағым Алатаудай болып биік, Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп. Алдыңда әрқашанда тағзым етіп, Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.

Ұстазға керек үлкен жүректілік, Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып. Шын бедел ел таңдауы, халық сыйы, Оны ешкім бере алмайды үлестіріп - деп жырлағандай, ұстаз еңбегі өлшемсіз, ұшан теңіз. Барша ұстаздарымызға - қыстай мықты денсаулық, көктемдей көңіл, жаздай жайма шуақ өмір, күздей мол табыс тілейімін.

Сіздерменен « Сыр – сұхбат» жүргізейік. 1.__________________________________________________________ 2. _________________________________________________________ 3. _____________________________________________________

 

 

 

Ақмейір:

1. Ұстаздық мамандыққа қалай келдіңіздер? Жүрек қалауы мен ба, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға болды ма ? 2. «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыңдар? 3.Бүгінгі мектебіңіздің іс әрекеті қандай, болашақта қандай өзгерістер күтесіз? ( Ұлағатты ұстаздар өз тілектерін білдіреді ).

Бахтияр:

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып, Жыр оқисың нөсер болып құйылып. Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің, Қарайсың –ау нұр жүзіне сүйсініп. Танат , кешімізді әрі қарай «Мен саған сенемін» ойынымен жалғастырсақ қайтеді?! Танат:

Әрине, әрине, әрбір ұстаз өз шәкіртіне сенеді. Олай болса, ортаға ___ «а,б» ______а,б сынып жетекші апайларын шақырамыз.

1._______________________________________________________

2._______________________________________________________

3_______________________________________________________

4_______________________________________________________

Ершат:

Және де сынып жетекшілерімен бірге оқушыларын да шақырайық :

1.__________________________________________________________

2_______________________________________________________

3_______________________________________________________

4_______________________________________________________

(Оқушылар мен сынып жетекшілерді ойын шартымен таныстырады)

Бірінші айналым: оқушы, көп қағаздың ішінен өз сынып жетекшісінің атын табу.

Екінші айналым: экранға бір сөз беріледі оқушылар 1 минутта сол сөзден бірнеше сөз құрап жазады. (Отан, ұстаз, білім)

Үшінші айналым: мақал- мәтелдің жалғасын табу.

 

 

(«Біз сізді сүйеміз» видео көру)

 

 

 

 

 

 

Арайлым:

Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім, Айқара аштың бізге білім есігін. Өр тұлғаңды балап шыңға, ұстазым, Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін? Бала елдің болашағы болғанда, Зор пайданы тигізесің қоғамға. Мамандығың - кәсіптердің абзалы, Адамдығың қымбат бізге одан да.

Келесі кезекте ортаға мына ұстаздарды шақырсақ:

1.____________________________________________________________

2.____________________________________________________________

3.____________________________________________________________

4.____________________________________________________________

 

Сіздерменен «Кім тапқыр?» жұмбақ жасыру ойыны.

1 .

2 .

3 .

4 .

 

Аяулым:

Ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе? Арайлым:

иә, Аяулым, сөзіңе қосыламын. Ұстаздар бізге не үйретпеді дейсің ... бәрін , бәрін !!! ( барлығы шығады.)

Арайлым:

Сен маған жазуды үйреттің , Сауатсыз балғын едім.

Қосу мен алуды үйреттің , Анамның ай, күні едім.

 

Ершат:

Еңбекқор болуды үйреттің, Икемсіз жалқау едім.

Абайлап жүруді үйреттің, Алаңғасар аңқау едім.

 

Ақмейір:

Әдепті сөйлеуді үйреттің, Үнемі сақтамаушы едім.

Тиянақты жүруді үйреттің, Үмітіңді ақтамаушы едім.

 

Бахтияр:

Секіру ,жүгіруге үйреттің, Спортқа шорқақ едім.

Топта сөз сөйлеуді үйреттің, Бастауға шорқақ едім.

 

Аяулым:

Үлкенді сыйлауға үйреттің, Тіл алмас тентек едім.

Сыныпты жинауға үйреттің, Кей кезде еркеледім.

 

Танат:

Ғылымды сүюге үйреттің, Білімді түйіп келемін.

Өнерді сүюге үйреттің, Шықпас ем биікке мен.

Ақмейір:

Ұйқыдан тұруды үйреттің, Кешігіп қалатын едім. Шашымды күтуді үйреттің, Тек байлай салатын едім.

Арайлым:

Шынайы күлуді үйреттің, Нөсерлі көктем едім. Өмірді сүруге үйреткен, Ұстазым, мектеп еді (бәрі қосылып айтады).

- Әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы.

- Мейірім мен махаббат - көрігі.

- Білім сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы.

- Мемлекетімізді құрметтеуге үйретуші.

- Мемлекетіміздің даму саясатының насихатшысы .

- Мейірлі –Ана ------------ҰСТАЗ!

Арайлым:

Құрметті аяулы ұстаздар! Сіздердің біздерге берген білімдеріңіз үшін , адал еңбектеріңіз үшін мәңгі басымызды иіп, рахметімізді айтамыз. Сіздер, қандай марапат болса- сондай марапатқа лайық жансыздар. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, шәкірттеріңіз көп болсын дейміз.

Осыменен сіздерге арналған «Ұстазыма мың алғыс» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Аздаған сыйлығымызды қабыл алыңыздар.

 

Қорытынды (оқушылар ұстаздарға құттықтау хаттары ұсынылады.видео


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь