Ашық тәрбие сағат «Әдептілік- әдемілік»
2-сыныпта « Әдептілік- әдемілік» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларды әдептілікке баулып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық ізденістерін арттыру, әдеп әліппесін бойына дамыту болды. Оқушылар сабақ барысында әдептілік жайлы өлеңдер оқып, көріністер көрсетіп, жағдаяттарды талдап, сонымен қатар топтық жұмыстар жасады. (1- топ « Қоғамдық көліктегі әдептілік », 2-топ « Үстел басындағы мәдениет», 3-топ « Көпшілік орындардағы әдептілік»).
Әдептілік сәлемдесудеге басталады деп, сәлемдесу түрлерін, амандасу үшін айтылатын сөздерді айтып өз ойларын бөлісті.
Рефлексияда өз ойларын жүйелеп, тілек ағашын гүлдендіріп, жаман, жақсы әдеттерді кактус және түймедағы гүлінін бойына тізіп жазды. Сабақ өте жақсы өтті.
Посмотреть новость на сайте учреждения