Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

«Менің Қазақстаным!» тақырыптарына көрме құру атты ашық сабақ

Мерзімі: 06.11.17 Сыныбы: 8 Тақырыбы: Презентация дизайнын таңдау «Менің Қазақстаным!»,тақырыптарына көрме құру. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Microsoft PowerPoint бағдарламасында осыған дейінгі меңгерген білімдерін іс жүзінде қолдандыра отырып, көрме құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылығы: Оқушылардың Microsoft PowerPoint терезесін қолдануда компьютерлік сауаттылықтарын дамыта отырып, тақырыпқа байланысты логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Тәрбиелілігі: Оқушылардың мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын, жұмысты ұқыпты жасауға қалыптастыру, білімділікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Пән аралық байланыс: Есептеуіш жүйені бағдарламамен қамтамасыз ету Материалдық-техникалық жабдықтар: Сабақтың техникалық құралдары: Pentium 4 үлгісіндегі дербес компьютерлер, шағын проектор. Дидактикалық материалдар: Арнайы дайындалған көрме, практикалық жұмыстар, таратпа қағаздар, көрнекі құралдар, бейне жазбалар. Сабақтың өту барысы I.Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин.) 1.Оқушыларды тізім бойынша белгілеу. 2.Оқушылардың сырт көрінісін тексеру. 3.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. ІІ. Кіріспе нұсқау. 1.Тарау тақырыбын хабарлау 2.Сабақтың тақырыбын хабарлау. 3.Сабақтың мақсатын хабарлай. ІІІ.Өткен сабақ бойынша оқушылардың білім мен дағдысын тексеру. (7-10мин.) Өткен сабақты қайталауда таратпа қағаздағы сұрақ бойынша іс жүзінде көрсетіп, жауап беру. 1. Шеберханадағы қауіпсіздік ережесі. 2. PowerPoint бағдарламасын іске қосу жолдары. 3. PowerPoint терезесі қандай элементтерден тұрады? 4. PowerPoint көрмесінде жаңа көрмені қалай құрамыз және қандай перне көрмені көрсетуді бастау әмірін орындайды? 5. Көрмеге мәтін және сурет енгізуді көрсет. 6. Көрме құруда пішім (автофигура) енгізіп және оның түрін өзгертіп көрсет. 7. Көрмеде белгілі бір нысанға гиперсілтемені қалай қоямыз? IV. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесінде негізгі қаралатын сұрақтар. Технологиялық нұсқау картасы. 1. Көрме құру жүйесі. 2. «Менің Қазақстаным!», «Алматы менің сүйікті қалам», «Менің мамандығым», «Менің тобым» тақырыптарына көрме құру. V. PowerPoint бағдарламасында «Менің Қазақстаным» тақырыбына көрме құруды шебердің іс жүзінде жұмыстың орындалу әдіс-тәсілін көрсету. (15-20 мин.) PowerPoint көрмесі өзге бағдарламалар құжаттарынан мультимедиялық нысандарды – бейнеклиптерді, жан бітірілген суреттерді, дыбыстық үзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді. Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер, дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады. Көрме құру үшін ең алдымен бағдарламаны іске қосып, жаңа бет ашамыз. Бірінші көрмеге артқы пішімін таңдап, тақырыбын жазу. Кірістіру мәзірінен сурет қойып, бейне жазбаны бетке орналастыру. Кірістіру мәзірінен сурет қойып, мәтін енгізу. Бейне жазбаны (фильм) қажетті орынға орналастыру Қазақстан Республикасының Рәміздерін көрмеге кірістіру. Әр түрлі пішімдерді қолданып пішімге мәтін енгізу. Қазақстан спорт әлемінде деген тақырыпша жазып, спортшылардың суреттерін енгізу. «Астана – Қазақстан Республикасының елордасы» пішімге мәтін жазып, Астана қаласының суретін қою. Дайын болған көрменің әр бетіне жан бітірімді баптау. Қосымша жан бітірімді баптау. Уақыт қойылған терезе элементтері VI Жаңа сабақты пысықтау: 5-7мин. 1. Бейне жазбаны көрмеге қалай кірістіреміз және бейне жазбаны барлық көрмеде қосылып тұру үшін қандай мәзірді орындаймыз? 2. Мәтін мен суретке жан бітірім беру жолын көрсетіңіз. 3. Көрмеде дыбысты енгізу жолын көрсетіңіз. 4. Көрмеде әр нысанға уақытты қалай береміз? 5. Дайын болған көрмені қалай сақтаймыз? VІI. Ағынды нұсқау. «Менің Қазақстаным!», «Алматы менің сүйікті қалам», «Менің мамандығым», «Менің тобым» тақырыптарына көрме құру. (4-5сағат) • Техникалық қауіпсіздігін сақтау. • Оқушыларға зертханалық тапсырмалардың тақырыбын жарялау.. • Тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалау. • Орындаған жұмыстардың сапасын тексеру. VIІI. Қорытынды нұсқау: 10-15 мин. 1. Жаттығу жұмыстарындағы жақсы орындаған оқушылардың жетістіктерін айтып, бағалау. Оқушылардың біліміне, белсенділігіне, орындаған жұмысының қиындығы мен сапасына қарай тиісті баға қою. 2. Жіберілген қателіктерді айтып, болдырмау жолдарын түсіндіру. 3. Оқушылардың жаттығу жұмысына сараптау жүргізу арқылы сабақ мақсатының орындалуын хабарлау. 4. Жұмыс орнын тазалау. 5. Үйге тапсырма беру.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь